Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығында мекеме ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2026 жылға арналған өзекті мәселелерін талқылау бойынша семинар өтті. Іс-шараның мақсаты — қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және медициналық қызмет көрсету саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету.
Семинардың негізгі бағыттары:
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (2026 жылғы өзгерістермен)
Заңнамадағы соңғы түзетулерге сәйкес қызметкерлерге келесі талаптар түсіндірілді:
- Заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді.
- Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына итермелеу әрекеттері туралы басшылыққа немесе құзырлы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
- Сыйлықтарға толықтай тыйым салу:Құнына қарамастан, қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтар алуға заңмен тыйым салынған.
2. Антикоррупциялық стандарттар және медициналық әдеп
Орталықтың ішкі стандарттары мен медицина қызметкерлерінің әдеп принциптеріне баса назар аударылды:
- Теңдік принципі:Ешбір пациентке негізсіз артықшылықтар берілмеуі тиіс.
- Мүдделер қақтығысы:Қызметкердің жеке мүддесі жұмыс сапасына әсер етуі мүмкін жағдайларда басшылықты міндетті түрде хабардар ету қажет.
- Сыпайылық мәдениеті:Пациенттермен қарым-қатынастағы жоғары мәдениет пен тең көзқарас — тұрмыстық жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралы.
3. Ақылы қызмет көрсету және медициналық қорытындылар берудегі ашықтық
Медициналық анықтамалар мен қорытындыларды (қару ұстауға, жүргізуші куәлігіне және т.б.) беру рәсімдеріне қойылатын талаптар қатаңдатылды:
- Барлық төлемдер тек касса немесе банктік терминал арқылы жүзеге асырылып, фискалдық чек берілуі тиіс.
- Қорытындылар тек пациентті нақты тексеруден өткізгеннен кейін ғана беріледі. Рәсімдерді жеделдету әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
- Анықтамалардың берілу заңдылығына әкімшілік тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Қорытынды:
Жұмыстағы ашықтық пен әрбір маманның адалдығы — Орталықтың мінсіз беделінің кепілі. Біздің ұжым кез келген жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстанады.


