Пустовойтенко Лариса Федоровна (Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының меңгерушісі)
Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы (МӘОО) — 2005 жылдан бастап наркологиялық бұзылулардан және құмар ойынға тәуелділіктен (лудоманиядан) зардап шегетін адамдарға мамандандырылған, білікті көмек көрсетеді. Орталықтың қалыптасқан оңалту бағдарламасы ұзақтығы 9 айға дейінгі орта мерзімді түрге жатады. Оңалтудың ең қысқа мерзімі — 2 ай, ол келісімшарт бойынша 6–9 айға дейін ұзартылуы мүмкін. МӘОО бағдарламасы тәуелді адамдарды оңалтудың заманауи әлемдік әдістемелеріне негізделген. Оңалтудың мақсаты — ремиссияны қалыптастыру.
Бөлімше 25 бюджеттік орынға арналған (емдеу тегін). Көмек ерлерге де, әйелдерге де көрсетіледі. Сондай-ақ емді анонимді (ақылы) қызметтер негізінде де алуға болады.
Байланыс:
Телефон: +7(714 55)3-81-20 - медбике посты
Эл. пошта:
Instagram парақшасы: @centre_vita
Жұмыс режимі: тәулік бойғы стационар

Біздің мекен-жайымыз: Қостанай ауданы, Тобыл қ., Семин көшесі, 48.
