Романова Светлана Геннадьевна (Невроздар және психосоматикалық бұзылыстар бөлімшесінің меңгерушісі)
Невроздар бөлімшесі — бұл адам ішкі теңдікті қалпына келтіріп, кәсіби қолдау ала алатын кеңістік.
Мұнда мазасыздық бұзылуларымен, паникалық шабуылдармен (үркіріс ұстамаларымен), депрессиямен және созылмалы күйзелістің салдарымен күресуге көмектеседі. Жұмыс жеке тәсілге негізделген: мамандар заманауи психотерапия әдістері мен дәрі-дәрмектік емдеуді ұштастыра отырып, әрбір емделушінің ерекшеліктерін ескереді.
Маңызды бөлігі — тыныш, қауіпсіз және құпия атмосфера. Тәжірибелі психиатрлар, психологтар және орта медицина қызметкерлерінен құралған команда емделушілерді сауығудың барлық кезеңдерінде сүйемелдейді.
Невроздар бөлімшесі 25 төсек-орынға арналған.
Қызметкерлер саны: 15 адам, оның ішінде 1 дәрігер, 1 психолог, 6 орта медицина қызметкері, 7 кіші медициналық персонал.
Сондай-ақ невроздар бөлімшесі қызметкерлерінің біліктілік санаттары бар: 7 қызметкердің — жоғары санаты бар, оның ішінде 2 қызметкер «Академиялық медбике» біліктілігіне ие.
Байланыс:
Телефон: +7(714 55)2-58-20 - Невроздар және психосоматикалық бұзылыстар бөлімшесі меңгерушісінің кабинеті
Эл. пошта:
Instagram парақшасы: @k.ocpz
Жұмыс режимі: Дс - Жм 08:00 - 15:42

Біздің мекен-жайымыз: Қостанай ауданы, Тобыл қ., Семин көшесі, 48.
