Спикер: Тюлендина Нағима Сапарбекқызы – Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК Консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі.
❓ Сұрақ: Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы дәл наркологиялық көмек саласында айту неліктен маңызды?
Жауап: Нашақорлық немесе алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін пациенттер физикалық және психологиялық тұрғыдан өте осал жағдайда болады. Олар абдырап қалуы, дәрігердің пікіріне тәуелді болуы, қоғамның айыптауынан немесе заңды салдарлардан қорқуы мүмкін. Өкінішке орай, мұндай жағдайларда адал емес қызметкерлер тарапынан теріс пайдалану қаупі артады.
Сондықтан бұл жерде жемқорлықтың алдын алу — жай ғана заңды міндет емес, бұл кәсіби әдеп пен гуманизм мәселесі.
❓ Сұрақ: Консультативтік-диагностикалық жұмыста қандай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін?
Жауап: Біз анықтайтын негізгі тәуекелдер:
- 💰 Тегін емшаралар немесе талдаулар (анализдер) үшін ақша бопсалау;
- 📝 Емделуден өткені туралы жалған анықтамалар рәсімдеу;
- ⏳ Кезекпен айла-шарғы жасау — «қосымша ақы» үшін жазылуды тездету;
- 🤝 Мүдделер қақтығысы — сыйақы үшін белгілі бір препараттарды немесе зертханаларды ұсыну.
❓ Сұрақ: Сіздің бөлімшеңіз бұл тәуекелдерді азайту үшін қалай жұмыс істейді?
Жауап: Біз бірқатар алдын алу шараларын енгіздік:
- Қызмет көрсетудің ашық алгоритмдері— пациент жүгінген сәттен бастап көмек көрсетудің барлық кезеңдері туралы хабардар етіледі.
- Түсіндіру жұмыстары— әрбір адамға емдеу ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС шеңберінде тегін жүргізілетінін түсіндіреміз.
- Бейнебақылау және өтініштерді есепке алу журналы— әрбір пациентпен жұмыс тіркеледі.
- Ішкі тренингтер мен әдеп кодекстері— біздің қызметкерлер дайындықтан өтеді және нормаларды сақтау бойынша жеке жауапкершілікте болады.
❓ Сұрақ: Әріптестеріңіз бен пациенттерге қандай басты үндеу жолдар едіңіз?
Жауап: Медицинадағы жемқорлық — бұл сенімге жасалған соққы.
Біздің мақсатымыз — көмек сұрап келген адам айыптаудан, қысымнан және ақшалай бопсалаудан қорықпайтын орта қалыптастыру. Біз тек тәнді емес, жанды да емдейміз. Ал оны адалдықтан бастаймыз.
🟢 Маңызды: Тәуекелдіктер кезіндегі көмек — медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін.

