Бас бухгалтер
Подчинёнова Светлана Владимировна - Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК бас бухгалтері.
1978 жылы 23 маусымда Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол ауылында дүниеге келді.
1997 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы колледжін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітіріп, бухгалтер біліктілігі берілді.
2010 жылы Қостанай инженерлік-педагогикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, есеп және аудит бакалавры біліктілігі берілді.
2013 жылы Кәсіби бухгалтер сертификатын алды.
2021 жылы «Челябі мемлекеттік университеті «Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін «Экономика» мамандығы бойынша бітіріп, Бакалавр біліктілігі берілді.
Еңбек қызметі:
- «Иволга» ЖШС;
- «Қостанай ауданы Затобол ауылы әкімінің аппараты» ММ;
- «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- «Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ;
- «Қоршаған ортаны қорғау департаментіндегі бала құқықтарын қорғау комитеті» ММ;
- «Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ;
- Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК.,
2025 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК бас бухгалтері болып жұмыс істейді.
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі-24 жыл.
Негізгі құзыреттер:
- «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ және «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК директорының тікелей қарамағында;
- ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның балансында қамтылған ұйымның меншігінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі жұмысты жолдайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өз міндеттерін Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге де бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып орындайды;
-штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстардың сметасының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді есептен шығарудың заңдылығын, дебиторлық берешек пен өзге де шығындарды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.
