2026 жылғы 21 мамырда Қостанай қаласының медициналық ұйымдары арасында волейболдан турнир өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Әріптестерімізді тамаша ойындары, ұйымшылдықтары мен жеңіске деген ұмтылыстары үшін құттықтаймыз! Мықты денсаулық, толағай табыс және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
